АТЫРАУДАСАРАПТАМА

«КТК» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРДАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Бүгін, 13 сәуірде Атырау облысындағы «КТК» телеарнасының операторы мен меншікті тілшісі карантиндік стационардан  шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы.

БАҚ өкілдерінен коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тест алынып, теріс нәтиже көрсетті.  Түстен кейін оператор мен журналист карантиндік және провизорлық стационардан шығып,  үй карантиніне жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ өкілдері медицина қызметкерлерінің шағымдарын тыңдауға барғанда, оларды ТЖ режимін бұзды және коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдармен тығыз қарым –қатынаста болды деп карантиндік стационарға орналастырған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button