АТЫРАУДАСАРАПТАМА

Мерт болған екі бала туралы жаңа дерек

11 қаңтарда жоғалған Қадір Әлихан мен Сабырғали Жанболаттың мәйіті 12 қаңтарда,  кешкі 16:00 мен 17:00 кезінде табылды. Оқиға бойынша ойнап жүрген екі үйдің балалары қызық қуып жүріп, мұз астына түсіп кеткен.

«Судың бұлыңғыр, лас болуы сүңгуірлерге кедергі жасады. Сондықтан балаларды бірден таба алмадық. Сүңгіуірлер қармалап, сипалап сезу арқылы балаларды тапты » – депті Атырау облысы ТЖД басшысының м.а. Ержанов Асхат Амангелдіұлы.

Әуелі «Жылу каналының» маңынан табылған шананың бағытымен ісдестіру шаралары басталған. Балалар шана табылған жерден 15 метр қашықтықта табылды.

Айта кету керек, 2019 жылдың 27 желтоқсанын 4 бала суға кетіп, біреуі мерт болған  және 2020 жылдың 11 қаңтарында тіркелген қайғылы жағдай  ата-анасы үйде болған, демалыс күндері орын алған. ТЖ Департаменты демалыс күндері ата-аналар балаларды  мұқият қадағалау керектігін есертеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button