АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ӨРЕСКЕЛ ӘРЕКЕТІНЕ ҚАЙДА ШАҒЫМДАНА АЛАСЫЗ?

ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция подполковнигі Дулат Құдайбергеновтың  8775 983 9305 ұялы телефоны арқылы шағым жасауға болады. Сонымен қатар, ведомствода коммуникацияның осы арналарымен қатар,  басқарма, бөлім, бөлімше қызметкерлерінің қызметін бақылаудың өзге де  түрлері бар. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствамен алдын алу жұмыстарын өзара тығыз байланыста  жүргіземіз. Осы бағытта  арнайы  жоспарлы шаралар жүргізілуде.  Соның бірі қазіргі төтенше жағдай кезеңінде жеке құрамның  қызмет атқаруы, атап айтқанда, қала кіре берістеріне  қойылған бөгетбекеттерде, мобильдік топтарда, жаяу патрульдеуде және басқа да объектілерде жұмылдырылған жеке құрамды бақылау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде.  Азаматтармен дөрекі қарым – қатынас және қандай да бір құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу өте маңызды. Бұл бағытқа ерекше назар аударылды. Жоғарыда айтып өткенімдей,  қызметтер мен бөлімше қызметкерлерінің қызметін бақылаудың бірнеше түрі бар. Мысалы, кеуде бейнетіркегіштердің көмегімен біз патрульдік полиция инспекторларының жұмыс сапасын тексеріп қана қоймай, даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік алдық. Сонымен қатар, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алып тастаудың пәрменді шарасы», -дейді  Дулат Құдайбергенов.

Сонымен қатар, басқарма бастығы, полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер мен әдепсіз мінез – құлық жағдайында әлеуметтік желідегі  полиция Департаментінің «Facebook» парақшасы немесе 8775 262 5932 «WhatsАpp» арқылы  да жүгінуге де болатынын  айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button