СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: АТЫРАУДА ҮШІНШІ ЖАҒАЖАЙ АШЫЛАДЫ (ВИДЕО)

s1200
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Өңірде суға шомылу маусымы ашылған сәттен бастап, облыстық Төтенше жағдай Департаментінің қызметкерлері қызу жұмысқа кіріседі. Олар су айдындарында қауіпсіздікті сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды ақпараттандыруда. Сонымен қатар, өңірде суға шомылу маусымы кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында дайындық жұмыстары да күшейтілген. Атап айтсақ, Балықшы елді мекенінен бастап, Атырау ықшам ауданына дейінгі Жайық бойындағы қауіпті аймақтар қоршалып, «суға түсуге болмайды»деген арнайы белгілер орнатылған.

Бүгінде «Жедел құтқару жасағына» 69 құтқарушы жұмылдырылған. Судағы қауіпсіздікті қатаң бақылау үшін таңғы сағат 9:00-ден түскі сағат 13:00-ге дейін, түскі сағат 14:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін құтқарушылар тексеріс жұмыстарын жүргізеді.

Осыған дейін облыста тұрғындарға белгілі шомылуға рұқсат етілген екі жағажай бар. Облыстық Төтенше жағдай Департаментінің айтуынша, алдағы уақытта жағажайлардың санын көбейту мақсатында тағы бір шомылу орны ашылмақ.

«Алдағы уақытта осы жағажайлардың санын көбейту мақсатында әкімдік жанынан тағы бір шомылу орнын ашуды көздеп отырмыз. Жалпы суға шомылу маусымы әр аймақта климаттық ерекшеліктеріне сай жерглікті атқарушы органдармен ақталуы тиіс. Әр жылдан Атырауда 15 маусымнан тамыздың аяғына дейін жұмыс істейді. . Қазіргі таңда 2020 жылдың басынан бастап, 15 қайғылы оқиға тіркелді. Соның ішінде 4 жасөспірім тіркелді. Күшейтілген режимге ауыстырылып жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Жайық бойында таңғы тоқсаннан аса рейд жүргізілді», – depti Атырау облысының ТЖД басшысының орынбасары Рашид Біләлов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған