САРАПТАМА

АТЫРАУДА СПЛИТ-ЖҮЙЕНІҢ КЕСІРІНЕН ПӘТЕР ӨРТЕНДІ

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде «ӨСжАҚЖҚ» ММ өрт сөндірушілері тағы бір өмірді құтқарды.
Атырау қаласы 8 наурыз көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде сплит-жүйенің жануы салдарынан өрт шығып, үй иесінің жиһазына және жеке заттарына таралған.

«Диспетчерлік пультіне шақыру сағат 20:04-те түсті. Шақыруға келген 8 қызметкер мен 2 техника пәтердің кіреберіс есігі құлыпталғанын анықтап, пәтердің қылтимасынан кіруге шешім қабылдады. 1943 жылы туған пәтер иесі есінен танып қалғаны анықталып, өрт сөндірушілердің дер кезінде әрекет етуінің арқасында аман қалып 103 қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиға орнындағы подъезден 63 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала», – depti Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарылғаннан кейін егде жастағы әйел улы газбен уланып ауруханаға жатқызылды.
Сағат 20:28-де өрт толығымен ауызыдықталған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button