АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ТЕҢІЗ КЕНІШІНІҢ 6 ЖҰМЫСШЫСЫ COVID-19 ІНДЕТІНЕН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

   Өңірде коронавирустан айыққандар саны 180 адамға жетті, – деп хабарлайды Жедел штаб.

  Атырау облысында тағы алты адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың барлығы – Теңіз кен орнының жұмысшылары. Атап айтқанда, 40, 21, 39, 27, 28 жастағы бес ер адам мен 46 жастағы әйел.

– Қазіргі уақытта олардың жағдайы қалыпты,  өздерін жақсы сезінеді. Коронавирустың бар жоғын анықтау үшін жасалған соңғы  тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді Жедел штаб.

Осылайша, Атырау облысында коронавирустан сауығып шыққандар саны 180 адамға жетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button