САРАПТАМА

ҮКІМЕТ НЕГЕ СУБСИДИЯНЫ ЖЫЛҚЫДАН ЖЫРЫП, ШОШҚАҒА БӨЛЕТІН БОЛҒАН?

Бұл туралы танымал журналист Мақсат Толықбай үндеу жариялады.

«Біз, қазақ халқы үшін жылқының орны бөлек, жылқы деген малдың патшасы, кезінде ата-бабаларымыз осы аттың үстінде отырып ұлан-ғайыр даламызды қорғап қалған деп айтамыз. Алайда біздің мемлекет бұдан былай жылқы шаруашылығына бір тиын да субсидия бөлмейтін болыпты. Қойдың өзіне жем-шөбіне деп беретіндері 4-ақ мың теңге. Ал субсидияның барлығы шошқа шаруашылығына кетеді екен. Бір шошқа сатып алсаңыз үкімет сізге 140 000 теңге қайтарымсыз ақша береді. Кейін әр жыл сайын 40000 теңгеден жем-шөбіне деп беріп тұрады.

Түсінер едім, егер қой мен жылқы шаруашылығы дамып, еттің килосы 300 теңгеге дейін түссе. Әлде қазақ жұрты доңыздың етін жейтін болған ба?! Ауылдағы шопандарды зар илетіп ақшаның бәрін шошқаға жұмсаған қаншалықты дұрыс?! Айналып келгенде сол субсидия дейтін сіз бен біздің салығымыз емес пе?!», – depti журналист өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

Атырау облыстық ауыл шаруашылығының басқармасы бұл ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырындағы мәселе екендігін айтты. Министрлік өкілдері болса телеарналарға берген сұхбаттарында аталған ақпаратты растап отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button