САРАПТАМА

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА 9 АДАМ COVID-19 ІНДЕТІМЕН ТІРКЕЛДІ

Қызылқоға ауданы бойынша коронавирус инфекциясының 9 жағдайы тіркеліп отыр.Оның ішінде Миялы ауылдық округінен 8, Мұқыр ауылдық округінен 1 жағдай анықталды.
Бұл туралы Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді.
Осы жағдайға байланысты Қызылқоға ауданы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 2020 жылдың 10 маусымдағы №11 қаулысымен 10 маусым сағат 00:00-ден 24 маусым cағат 7:00-ге дейін Миялы ауылдық округіне карантин және Мұқыр ауылдық округіне шектеу шаралары енгізілді.
Мұқыр ауылдық округі бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін 1 адамнан жұмысқа барар алдында зертханалық сынама алынып,тексеру барысында Covid-19 оң нәтиже берді.
Миялы ауылдық округінен тіркелген 8 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен жақын және ықтимал қарым- қатынаста болған.
Қазіргі уақытта науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ошақтарға эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button