Мектептерде манту орнына коронавирусқа қарсы вакцина салынатыны жөнінде ақпарат тарауда

by Depti
1 views

Қазнет қолданушылары еліміздің мектептерінде балаларға манту сынамасы түрінде COVID-19 қарсы вакцина егілетіні туралы ақпарат таратуда. ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомство өкілдері мектеп қабырғасында балаларды жасырын вакцинациялау туралы тағы бір хабарламаны фейк деп атады.

– Манту сынамасын жүргізу арқылы туберкулезге қарсы ревакцинациялау – бұл жоспарлы іс-шара және тек қыркүйек айында ғана өткізіледі. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 77-бабына сәйкес ешкім ата-ананың жазбаша, дәлелді келісімінсіз екпе салмайды. КВИ қарсы вакцинацияға келсек, Pfizer/BioNTech препараты осы жылдың IV тоқсанында қолжетімді болады. Сондай-ақ, екпе баланың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімімен ғана жасалатын болады, – деп жазды комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен қатар, КВИ қарсы вакцинацияны Манту сынамасымен шатастыру өте қиын екенін атап өткеніміз жөн. Манту сынамасы тері астына, білекке егіледі. Pfizer / BioNTech өндірген КВИ қарсы вакцинаны дельта тәрізді бұлшықетке, яғни иыққа салады.

Демек, мектептерде балаларды манту сынамасы деп жасырын вакцинациялау туралы ақпарат фейк болып табылады.

Бұған дейін біз мектеп оқушылары мұрынға арналған спрей арқылы егіледі және оларға асханаларда вакциналар қосылған йогурт пен айран берілетіні жайлы хабарламаларды жоққа шығардық.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com