5 жасар қызын өлтірген әйел түрмеде отырмайды

f8a44b4c883f13b5
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Оралда 5 жасар қызын аяусыз өлтіріп алған әйелді сот психикалық ауруханаға жіберді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

36 жасар Зәмзәгүлді түрмеден босатып, оны есі дұрыс емес деп танып, ұзақ мерзімді мәжбүрлеп емдеуге үкім шығарды.

12 желтоқсанда саяжайда кісі өлтіру орын алды. Сол күні Зәмзәгүл 5 жасар қызымен үй тапсырмасын жазып отырған. Қыздың ұйқысы келіп, жылай бастағанда әйел оны тамағына жармасып, тұншықтырып тастаған. 10 минуттан кейін қыз қайтыс болды.

Оқиға бойынша «Кәмелетке толмаған адамды өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотта қайтыс болған адамның әжесі мен айыпталушының анасы қызының 17 жаста болғанда, мінез-құлқының ауытқитынын байқағанынын мойындады бірақ оған назар аудармаған. Зәмзагүлді емдемеген, ол тіпті бірнеше жыл жұмыс та істемеген.

Сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша өз қызын өлтірушіге «шизофрения» деген диагноз қойды: ол өзі не жасағанын, әлі білмейді.

Дереккөз: azh.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған