САРАПТАМА

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ержан Әбілханов Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тайындалды. Ол Президент жанындағы жастар кадр резервісінің өкілі.

Ержан Әбілханов 1984 жылы Жаңаөзенде дүниеге келген. Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Газ және мұнай кен орындарын пайдалану және өңдеу» мамандығы бойынша тамамдаған. Болашақ бағдарламасы арқылы білім алған. 2010 жылы Мәскеуде қызмет жасап, 2010-2019 жылдары «Каспий Меруерт Оперейтинг Компани» компаниясында өндіріс технологынан  техникалық директор қызметіне дейін өскен.

Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін, Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button