САРАПТАМА

Көкек ана табылды…

Авангард шағын ауданында кәріз коллекторының басына орнатылған үйшіктен табылған сәбидің анасы ұсталды. Ол Орал қаласының 21 жастағы тұрғыны. Құрсақ көтергенін жасыру үшін әдейі Атырау қаласына келген.

«Күдіктіні бақылау камералары арқылы анықтадық. Дәл қазір ҚР ҚК 1 бөлімі 119 бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» – депті Атырау облысы полиция Департаменті.

Аталмыш бап бойынша 100 АЕК дейін айыппұл, осындай көлемдегі түзеу жұмыстары, 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, немесе 45 тәулікке дейін арестке алу жазасы қарастырылған.

Сәбидің тағдырын кәмелеттік жасқа  толмағандар ісі жөніндегі  сот шешеді. Шарананы «Сәбилер үйіне» жіберуі мүмкін.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button