АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫНА ӘСКЕРИЛЕР ТАРТЫЛУДА

Ықшам аудан тұрғындарына алдын ала хабарланғаннан кейін 30 наурыз күні «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қарулы күштерінің әскери құрамы Нұрсая және Тұлпар-1, Тұлпар-2 ықшам аудандарына дезинфекция жұмыстарын бастап кетті.
Көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістері, балалар ойын алаңдары толық зарарсыздандырылуда.

   «Мемлекет басшысы азаматтардың денсаулығын қорғау және заңды құқықтарын сақтау жөнінде тапсырма берген болатын. Атырау қалалық әкімдігінің арнайы бекіткен орындары бойынша, 142 үйді қамтитын 33 аулаға толығымен дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Біздің бөлімшемен жалпы көлемі 17000 шаршы метрді құрайтын аумақ 0,00045 %-ды дихлоризоцианур қышқылының натрий тұзымен зарарсыздандырылды. Аталған жұмысқа жеке құрамның 88 әскері және 1 «АРС-14» автоқұйылмалы стансысы тартылды»,- depti «Батыс» өңірлік қолбасшылығының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлерінің бастығы Алмаз Несіпқалиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button