АТЫРАУДА

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БЕТПЕРДЕ ТАБЫСТАДЫ

Атыраулық мемлекеттік қызметшілер полиция қызметкерлерін қосымша бетпердемен қамтамасыз етуде

Облыстық мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының облыстық  халық шығармашылығы орталығы қызметкерлері өздері дайындаған 100-ден астам бетпердені патрульдік полиция қызметкерлеріне табыс етті. 

Облыстық ПД  баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай жарияланған күннен бері күшейтілген тәртіпке көшірілген  жеке құрам түгелдей бетперде және басқада тиісті құралдармен қамтамасыз етілді.

«Мемлекеттік кызметшілердің  карантин кезінде өздері тігіп, дайындаған бетперделерді полицейлерге  арнайы келіп, табыстағандары үшін алғыс білдіреміз», – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button