Қазақстанда

БАНКТЕР МЕН МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫ ҚАНДАЙ ЖЕҢІЛДІКТЕР КӨРСЕТЕДІ?

Екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдары коронавирустың таралуына байланысты өз клиенттеріне қашықтан қызмет көрсету сервистеріне өтуде.

Сондай-ақ, Қазақстанда төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде банктер мен микроқаржы ұйымдары жеке тұлғаларға және бизнес субъектілеріне :

Банктік қарыз шарттары бойынша төлемдердің өтуі бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді;

Қарыздар бойынша төлемдерді 90 күнге кейінге қалдыру ұсынылады;

90 күннен астам мерзім өткен жағдайда пайыздық сыйақы есептемейді.

«Қаржы мекемелерінде көп адам санының жиналуын болдырмау үшін клиенттердіңонлайн-жазылуы ұйымдастырылғанын еске саламыз, барлық қызметтерді қашықтан, электрондық почта, «банк-клиент» жүйесі, ұйымның интернет-ресурсы, мобильдік қосымша және басқа да байланыс құралдары арқылы алуға болаы. Банктердің жұмыс істеу режимі және қаржылық қызметтердің тұтынушыларды қолдау шаралары туралы ақпарат www.finreg.kz. сайтында орналасқан», – depti  Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button