САРАПТАМА

«Барсы Атырау» баскетбол клубы – чемпион!

Қаңтардың 5-і мен 11-і аралығында Щучинск қаласында баскетболдан жасөспірімдер арасында чемпионат өткен болатын.   Өңірімізден «Барсы Атырау»  клубынан  2004-2005 жылғылар мен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер қатысты. Екі команда да жеңіске жетіп, чемпион атанды.

«Қазіргі таңда 2004-2005 жылғылар Санкт-Петербургке  Еуропалық жасөспірімдер арасындағы баскетболдың екінші кезеңіне қатысу үшін аттанып кетті. Ол жақтағы жарыс 18-19-20  қаңтар  күндері өтетін болады» – депті  жаттықтырушы Анатолий Лысяк.   

Айта кетейік, чемпионаттың  ең үздік ойыншысы болып  жерлестеріміз Михаил Миранов пен Әлишер Мұратұлы танылды. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button