САРАПТАМА

Bek Air былығын мойындамай жатыр

Bek Air әуекомпаниясына байланысты дау тарқамай отыр. Қазақстан Авиация әкімшілігінің тексерісі бірқатар кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықтарды анықтаған. Ұшуға рұқсат ала алмай отырған әуекомпания табылған кемшіліктермен келіспей, жеке сайттарына наразылықтарын жариялаған.

ҚАӘ ең өрескел тәртіп бұзушылық деп қозғалтқыш белгісінің болмағанын атап көрсеткен. Алайда, өз-өзін қорғаштаған әуекомпанияның айтуынша әуекемесін пайдалану кезінде вибрация, қозғалыс және басқа салмақ да түседі, сол кезде белгілер өздігінен ажырап қалуы мүмкін екен, мыс…

Ал ұшақ агрегаттарын бір-біріне ауыстырып пайдалануын, жаңасын сатып алмауына тағыда түсінік беруге тырысты.

«Ұшақ агрегаттарын бір-біріне алмастыруға құжат түрінде тыйым салынбаған және ұшақты жөндеу кезінде бүкіл әлем бұл процесті жасайды. Өйткені біз тиісті құралдарға тапсырыс беріп алдыртсақ, ол бірнеше апталап кеден тазартуында кідіріп қалады. Соның өзінде 2,5 млн евро тұратын құрал-жабдықтарға тапсырыс бердік » – депті Bek Air әуекомпаниясы.

Осылайша  әуекомпания қоғам алдында ашық болып, ұшуға рұқсат алу үшін қайтпай күресуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button