САРАПТАМА

Қатерлі ісіктің емі табылды

Accelerated Evolution Biotechnologies атты израильдік фармацевтикалық компания бір жылдан кейін «қатерлі ісіктен толық айықтыратын» дәріні шығармақ.

«Біздің өнім бірден әсер етеді және әсері бірнеше аптаға созылады. Сондай-ақ, нарықтағы өзге дәрі-дәрмекке қарағанда арзан тұрады», – депті компания өкілі Дэн Аридор.

Компания мәліметіне сүйенсек, жаңа дәрі MuTaTo деген атау алмақшы. Бұл сөз «көпмақсатты токсин» деген мағына береді. Ол қатерлі ісік жасушаларын бірнеше әдіспен жояды: оның ішінде аминқышқылдармен біріге отырып қатерлі ісік жасушаларына шабуыл жасайды. Мұндай жоспарлы шабуыл емнің тез қонуына ықпал етпек. 

MuTaTo әдісі ауыр халдегі науқастарға да көмектеседі екен. Ол үшін науқастан арнайы сараптама алып, индивидуалды коктейль беріледі. 

Компанияның өз өнімін тышқанға берген тәжірибесі сәтті өткен. Олар енді клиникалық тәжірибе жасауды көздеп отыр. Бірақ бұл дәрінің нарыққа шығуына бір жылдан бес жылға дейінгі аралықта уақыт қажет.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button