Қазақстанда
КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАНДАРДЫ КЕЗ-КЕЛГЕН ЗИРАТҚА КӨМУГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛДІ
Қазақстанда Covid-19 инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі өзгерді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Өлгендерді жерлеу тәртібі маңызды болып қала береді. Қолданыстағы тәртіпке өзгерістер енгізілді. Санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды қатаң сақтай отырып, кез-келген зиратқа қоюға рұқсат етіледі», – depti министр.
Сондай-ақ, ол коронавируспен ауыратын науқастардың таралуы өсіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 30 маусымда 40 мыңға жуық науқас тіркелген. Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр дейді.