САРАПТАМА

«Назарбаев Зияткерлік мектебіне» қабылдаудың шарттары өзгерді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жарияланды. Құжаттарды 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін тапсыра аласыз.

2020 жылы зияткерлік мектепке қабылдау шарттарына бірқатар өзгеріс енген:

  • Осыған дейін құжат тапсыру баланың заңды өкілдері келген болса. Енді оқушының өзі де еріп келуі керек;
  • Фотосуретті алдын ала дайындап апаруға болмайды.  Фотосурет сол жерде бірден түсіріледі. Бұл тиісті оқушының орнынан басқа оқушы кіріп кетпеуі үшін жасалған алдын алу шарасы;
  • Енді мекен-жай анықтамасы да керек емес.

«Талапкерге қойлатын максималды меже 1300 балл. Алайда мұндай көрсеткішке жеткен оқушы тіркелмеді» – депті Атырау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айпукешев Айдарбек Төлепұлы.

Толық ақпаратты  8 775 366 57 13. + 7 (7122) 558-555 нөмірі арқылы біле аласыздар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button