САРАПТАМА

Шетелдік тіркеудегі көліктер ел аумағынан шығарылады

Полицейлер шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген отандастарымызға қатысты талап-шарттарды тапты. Жуырда шетелдік тіркеудегі көліктер ел аумағынан шығарылады, – депті  kolesa.kz порталы.

«Жол қозғалысы» туралы заңның 63-бабына сәйкес «Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады».

65-баптың 2-тармағына сәйкес «Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді». Яғни, шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген көлік 30 күн ел аумағында болмауы тиіс. Демек Армения, Қырғызстан және т.б. шет елден әкелінген Қазақстан территориясына көліктердің дені заңсыз жүр. Мұндай көліктерді «Сергек» анықтап, айыппұл  тұрағына жіберіледі және 10 АЕК төлеуге міндеттеледі. Шетелдік нөмірмен жүрген жерлестеріміздің алдында үш нұсқа бар: барлық алым-салықтарды төлеп көлікті заңдастыру; көлік айып тұрағына шығарылғанға дейін 30 күнге шетелге шығып, көлікті қайта Қазақстанға кіргізу; техникалық құралды шетелге апарып сату. Айта кетейік, қазір Қазақстанда 200 мыңға жуық көлік шетелдік нөмірмен жүр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button