Жалған ақпарат берген адам анықталды

whatsapp image 2020 01 24 at 16.39.08
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

17 қаңтар күні белгісіз тұлға «102» номеріне қоңырау шалып, 18-қаңтарда Вокзал маңы 3-ші шағын ауданда орналасқан №27 мектептің жанында жарылыс болатынын хабарлаған.
Бұл дерек облыстық Полиция департаментімен дереу тексеріліп, өз дәлелін таппағаны анықталды.
«Кезекші тәулік ішінде жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде осы хабарламаны берген 1975 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып кетті. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды»,- депті Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған