САРАПТАМА

Жылқы барымташылары қолға түсті

Полиция департаментінің жедел уәкілдері Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылы маңайындағы қыстақтардың бірінен бір үйір жылқыны қолды еткен барымташыларды құрықтады.
«Ауылдан 20 шақырымдай жердегі қыстақта жайылып жүрген 22 бас ірі-қараны ұрлап, қаладағы мал сою базарларына әкелген Қызылқоға ауданының 1987 жылғы, Мақат ауданының 1981 жылғы тұрғындары ұсталып, тергеу абақтысына қамауға алынды, «- депті Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тексеру барысында, бұл қылмыстық топтың 2019 жылы Қызылқоға ауданы аумағында жасалынған екі бірдей мал ұрлығына да қатысты екендері анықталды. Оларға қатысты ҚР ҚК 188 бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button