Қазақстанда

«ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕЙТІНДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН ҚЫСҚАРТУ КЕРЕК» – АННА ДАНЧЕНКО

Тележүргізуші Анна Данченко қазақ тілінінің мәртебесін қалай көтеру керек екенін айтты, – деп жазады Stan.kz.

«Орыс тілінің (ҚР Конституциясының 7-бабы) ресми тіл екені жөніндегі түсініктемені алып тастаса деймін. Жұмыс берушінің басты талабы – қазақ тілін білу екені айтылуын және заң талабына сәйкес, қазақ тілін білмейтіндердің жалақысын 30 пайызға дейін қысқартуын ұсынамын. Ешкім жалақысының қысқарғанын қаламайды. Жұмысшы ақша керек болғандықтан қазақ тілін үйренеді. Адамдарға осылай сабақ беру керек. Егер бұл елде қазақ тілінің дамығанын, әрбір азаматтың қазақша сөйлегенін қаласақ заң тұрғысында осындай талап қою керек. Адамдар қорқытқанда, өзіне қолайлы емес болғанда ғана мақсатына жетеді«, – depti Анна Данченко.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында талқыға түсті. Бірі тележүргізушіні қос қолдап қолдаса, бірі қарсы шықты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button