Қазақстанда

1 млн теңгеге сатылған Еркенің күнделігінде не жазылған?

Еркенің естелік жазатын жазба дәптерін журналист Айнұр Асанберді сатып алды.

Әнші Ерке Есмаханның «Куә бол» атты естелік жазатын күнделігі жарыққа шықты. Осыған орай, әнші салтанатты кеш ұйымдастырды. Шараға қазақ эстрада жұлдыздары тайлы-тұяғы қалмай жиналды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды. Әншінің «Куә бол» атты күнделігі сол кеште бәссаудада 1 миллион теңгеге сатылып кетті. Еркенің естелік жазатын жазба дәптерін журналист Айнұр Асанберді сатып алды. Өнер иесі қомақты қаржыны өзінің қалтасына басып алмай қайырымдылыққа жұмсағанын айтты.

Мен 1 миллион теңгеге сатамын деп ойлаған жоқпын. Күнделік қыздарға арналған. Оның әр парағына ең бақытты сәттерін, орындалған армандарын, жетістіктерін жазсын деп шығардым, – дейді әнші Ерке Есмахан.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button