100 млрд теңгені халыққа таратып берген дұрыс – Мәжіліс депутаты

by Depti
1 views

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов халыққа ақша таратуды ұсынды. Оның сөзінше, бағаны тұрақты ұстап тұру үшін 100 миллиард бөлінген. Алайда мұның еш пайдасы тимегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аманжан Жамалов үкімет бөлген қаржының 81 миллиарды сауда желілеріне несие беру үшін, ал 16,8 миллиард теңге тұрақтылық қорларын жасау үшін жұмсалғанын айтады.

“Пайдасы жоқ. Одан да бұл қаржыны тікелей халыққа таратып берген дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бағаның көтерілуінен бірінші солар зардап шегеді. Егер бағаны ұстап тұра алмасаңдар, тікелей халықты қолдаңдар, әлеуметтік қорғалмаған топқа субсидия беріңдер. Ақшаны сауда желісіне таратқанға қарағанда пайдасы көп боларына сенімдімін” depti депутат.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com