16 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 11 02 crop 12 4 515x773 211102094226992e

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5% – Қытайдан, 6,1% – Түрікменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 5,5% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,3%), Түркістан (13,4%), Маңғыстау (19,1%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11,1% жоғары білімді, 40,1% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,4% білімі жоқ.

egemen.kz

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: