Қазақстанда

Фейсбуктегі жазба жұртты шулатты…

Фейсбукте Мәсімовке қатысты авторы белгісіз жазба тарады…

Кәрім Мәсімовтың тергеуі аяқталып, ісі сотқа өткен соң, оның қылмыстары жарияланады. Оның қылмыс жолымен арттырған байлығын, істеген қылмыстарын естігеніңізде, өмірден баз кешіп кетесіз. Қытаймен біздің Қорғас бақылау бекетінен түскен табысы Кәрім Мәсімовпен Болат Назарбаевтың жеке қалтасына түсіп отырған. Кәрім Мәсімов 2016 жылдан бері, Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып келеді. Сол 2016 жылдан бері, Хоргос бақылау бекетінен мемлекетке бір тиын түспеген. Оның есебін сұрайтын бір тірі жан болмаған, білсе де ешкім сұрай алмаған…
Қорғас бақылау бекеті, Мемлекетке кәзіргі тергеудің мәліметінше, 1 жарым миллиард доллар зиян келтірген. Сонымен қатар, әрбір қалада, Кәрім Мәсімовке тиеслі көлеңкелі бизнестері болған. Кәрім Мәсімовке тиеслі ешбір мүлкіне салық төленбеген. Жалған компания құрып, мемлекеттен 7 миллиард теңге несие рәсімдеген, ол несие төленбеген. Жалған компанияға мемлекеттен субсидиясында алып үлгерген. Кәзіргі таңда, Кәрім Мәсімовтың байлықтары Құлыбаевтан асып түспесе кем түспейді. Неше жылдан бері ірі жобалармен айналысып, көп ақшаны ұстап көрген мына мен, оның байлығын естігенде, төбе шашым тік тұрып, таңырқап қалдым. 50 мың теңгеге күнелтіп жүрген, қарапайым халық естігенде жүрегін зақымдайтыны ол анық. Ол-олма, Арқан Керген шекарасындағы қанды оқиға көптің есінен шықпаған болар…
Болат Назарбаев пен Кәрім Мәсімов, Малайзиядан Қытай арқылы есірткі тасылмалдатқан. Елімізге Арқан Керген Шекарасы арқылы кіріп келе жатқан, жүк көліктің солдаттар жолын кескен, сосын сол солдаттарың қолына түскен. Әккі қылмыскерлер «біреуге, бізді іркіп тұр» – деп, қоңырау шалған. Есірткі тасылмалдаушылардың телефон арқылы сөйлескен адамы «атып тастаңдар» деген болуы керек, сол жерде солдаттарды жайратып салған. Сөйтіп жалғыз Челахты алып қалып, ұрып соғып, «мойныңа алмасаң шешеңді өлтіремін» деген соң, бала байғұс мойнына алған. Сөйтіп, әлгі қанды қол қылмыскерлер оқиға орнынына өрт қойып ізін суытқан. Онан соң, Челахтың соты басталды. Челахтың белгілі танымал – Серік Сәрсенов деген қорғаушысы болды. Сол адвокат Серік Сәрсенов жұмбақ жағдайда қайтыс болды.Ол өліп қалған соң, Челахтың шешесі ұлына тағы бір қорғаушы жалдады, ол қорғаушы соттың бір процесіне қатысты, ал екінші сот процесінде, Челахты қорғаудан бас тартты. Челахтың соты әлемдік деңгейде көтерілді, шешесі байғұстың жылап етегі жасқа толып бармаған жері қалмады. Онан соң, «Челахтың бір өзі 14 солдатты өлтіруі мүмкін бе» – деген сұрақпен, Астанаға Шымкент қаласынан бірнеше шекарада қызмет істеген, Полковник, Подполковниктер, Генералдар келді. Астанада жиында «бұлай болу мүмкін емес, бір адамның қолынан келмейді» деді! Сол сөздері Назарбаев пен Кәрім Мәсімовке ұнамай қалды. Сөйтіп, бәрін бір ұшаққа отырғызып жіберіп, қолдан апат жасап, оларды өлтірді. Оған әуе жай диспетчерін кінәлап, оны да бірнеше жылға соттады. Кәрім Мәсімов Астанадағы Қошшы ауылындағы дачасында, есірткі шегіп, қазақтың өрімдей жас қыздарын іш киімдерімен бөкселерін бұлтыңдатып билеткен бейнетаспаларын мен екі жылдан бері сақтап жүрмін. Бір көшірмесін, тергеушілерге бердім, ал оригиналы өз қолымда. Мен ол иттің сотына өлмесем міндетті түрде қатысамын. Бүгін бірнеше тың ақпараттар жинадым. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде істейтін Кәрім Мәсімовтың сол қолының бауыры, Шымкент қаласының әкімдігінде істейді екен. Сол әлгі әкім тендер мәселесін осы күнге дейін шешіп отырған. Ол әкімнің басқа да қылмыстары бар екенін анықтадым. Жақын күнде оныңда қолына кісен салдырамын. Осы жазбамды ойланып отырып жаздым. Демек, бұл жәй сөз болып айтылып ғана қалмайды. Аллаһ қаласа міндетті түрде жүзеге асырамын! Ұлттық қауіпсіздік комитетіне керекті қару жарақтарды саудаға шығарған. Қысқасы, Кәрім Мәсімовтың істемеген қылмысы қалмаған. Генерал – Нұрлан Жоламанов пен Нартай Дұтбаевтыда қаматып отырған осы еді. Шымкенттік сыра королі – Тоқтар Төлешевтіде қамаған осы еді. Миллиардтарды жеп қойған кейбір Министрлер бір жылда түрмеден шыға келеді, ал Нұрлан Жоламанов, Нартай Дұтбаев, Тоқтар Төлешеевтер түрмеден шықпайды. Бұлар берілген мерзімінің тең жарымын өтеп қойды. Біздің заңдағы «колония поселение, исправительная работа, досрочное освобождение» – осы үш тұлғаға неге қолданбай келеді?! Өйткені, Кәрім Мәсімов шығармауға, босатпауға бұйрық беріп отыр! Осы үш тұлғаны алдағы жақын күндерде мен түрмеден шығарып аламын! Бұл уәде! Ал енді Кәрім Мәсімовке келетін болсақ, Президент Тоқаев кішкене асыққан сияқты… Өлім жазасын кеше жақында ғана алып тастап еді. Президент Тоқаевтың бұлай істеуінің себебі ит болса да, Қазақ өлмесін деген шығар. ал Өзбекстанның кәзіргі Президенті Шавқат Мирзиёев, Өзбекстанның тұңғыш Президенті Ислам Әбдіғаниұлы Кәрімовтың тұңғыш қызын қамауда ұстап отыр. Кәрімовтың дәуірінде, ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасары болған – Ғұламовты өмір бойына бас бостандығынан айырды. Кәрімовтың кеңесшілерінің екеуін қамауға алды, біреуі кәзіргі таңда халықаралық іздеуде. Ал, Кәрімовтың байлықтарын тәркілеп алды. Байқасаңыздар Президент Мирзиёев үнемі: «ол дәуір өтті, бұл жаңа Өзбекстан» – деп, сөйлейді. Өзбекстан Президенті – Шавқат Мирзиёев, Кәрімовтың кезіндегі ішкі істер Министрін 18 жылға соттады. Сонымен қатар, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен күшті алып, сол күшті облыс әкімдері мен аудан әкімдеріне берді. Кәзіргі таңда, Өзбекстан Республикасы бойынша аудан әкімдері Тошкентте қыдырып, санаторияда демалып жатыр. Ал біздің кәзіргі жағдайымыздың осыған ұқсастығы бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button