ҚазақстандаБЕЙНЕТАСПА

Саят Медеуов ШҰҒЫЛ ҮНДЕУ жасады (+ВИДЕО)

Жол апатына түсіп, аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалған Саят Медеуовтің беті бері қарап келеді.

Әнші өзіне тілеулес болған барша жандарға алғыс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ВИДЕО:

https://www.instagram.com/p/COzpg8xD2ub/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Медеуовтің жағдайын білуге әріптесі Ақбота Керімбекова барып қайтты. 
«Алла нәсіп етіп, бүгін Саят ағамыздың емханасына келдік, міне, қасымда жеңгеміз. 

Жағдайы Аллаға шүкір, тәубе. Көптеген кісілер хабарласып, жағдайын сұрап жатыр», – деп бөлісті Керімбекова. 

Кадрдан тыс сөйлеген Саят Медеуов өзінің амандығын тілеген халыққа алғысын білдірді. 

«Армысыздар! Аман-есен болыңыздар! Тек жақсылық тілеймін. Тілек-дұғаларыңызға рахмет», –  деді ол. 

Бұған дейін Саят Медеуовтің жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алғанын жазған едік. Енді ол комадан соң есін жиды. Әнші аурухананың жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. 

Қуанышқа орай, дәрігерлер жасаған ота сәтті шықты. Әншінің қабырғасы мен жамбас сүйегіне зақым келген. 

Қайғылы жағдай болған күні көлікті әншінің жиені жүргізген. Ол ұйықтап кеткендіктен, көлік жол апатына ұшырады. 

“Саят бауырым, тез сауығып кетуіңе тілектеспін! Сен мықтысың! Алла қосса бәрі жақсы болады! Күндіз- түні дұғадамыз, досым”, – деп жазды Арман Дүйсенов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button