Қазақстанда

Тоқтар Серіков халықты қорқытпауды сұрады

Тоқтар Серіков жол апатына түскен Саят Медеуовтің жағдайын айтты. Әнші әріптес досының аман-саулығын біліп көрген. 

«Қазақтың өнеріне өзіндік екпінмен келген Саят досымның өнерін, өзін құрметтейтін ел, шүкір, көп деп айта аламын. Жақында Саяттың апатқа түскенін естіп ел алаңдап қалды. Ағайын бүгін ғана Саят досымның дауысын естіп, яғни аман-саулығын біліп қуанып қалдым. Алаңдаған ағайынға: уайымдамаңыздар, бәрі жақсы. Саятжанның денсаулығы жақсарып қалыпты. Аллаға шүкір. Досым, сен қазақтың қара өлеңі қайнаған қара қазанында қап-қара болып күйіп піскен қара ұлысың. Сенің амандығың керек. Аман бол, досым, енді қайтып қорқытпа халық дейтін қамқор анаңды», –  деп жазды ол. 

Тоқтар Серік алаңдаған жұртқа басу айтып, алғысын жеткізді. Досының амандығын біліп, көңілі жұбанғандай. 

“Аллаға шүкір, аман болсын”, “Қуаныштымыз, аман-сау болсын”, “Тоқтар аға, рахмет! Жақсы жаңалық естіп қуанып қалдық. Саят аға тез сауығып, сахнаға оралуыңызға тілектеспін”, “Тезірек сауығып кетуіңе тілекшіміз айналайын!”, “Алла амандығын берсін”, “Аман болыңыз бір туар Азамат, Алла шипасын берсін, сіздің әндеріңізді тыңдаймын”, – деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, бірер күн бұрын Саят Медеуовтің жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алғанын жазған едік. Кеше әнші көпшілікпен байланысқа шығып, өзінің тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты.

stan.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button