Қазақстанда

23 қарашадан бастап қандай жолдар ақылы болады?

Қазақстанда 23 қарашадан бастап жеті жол учаскесі ақылы болады.

Қазақстандағы жеті жол учаскесі 23 қарашадан бастап ақылы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы “KazAvtoJol” ұлттық компаниясы хабарлады.

«2021 жылдың 15 қарашасынан бастап төрт жолақты бірінші санаттағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жеті учаскесінде: Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қапшағай – Талдықорған, Тараз – Қайнар, Шымкент – Тараз, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Ташкент, Щучье – Көкшетау жолдарында ақы алу жүйесі жұмыс істейді. Жоғарыда аталған бөлімдер бойынша төлемді енгізу туралы өкімдер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті және ағымдағы жылдың 23 қарашасында күшіне енеді, тиісінше сол күннен бастап жол жүру ақысы алынады», – делінген хабарламада.

Қазір компанияның мәліметінше, ақылы жолдарға қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button