Әкесі зорлаған сегіз жасар қыздың хаты табылды

by Depti
0 views

Желіде туған әкесі зорлады делінген 8 жасар бүлдіршіннің хаты жарияланды.

Онда оқушы оқиғаның қалай болғанын баяндап береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Ал күдікті әке әлі бостандықта жүрген көрінеді. 8 жасар қыздың хатын белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева Facebook парақшасында жариялады. Хатта оқушы оқиғаның қалай болғанын жазған. Ондағы мәліметке сүйенсек, әкесі қызына арам пиғылын іске асырған соң қызының іш киімін жуған. Өйткені іш киімде қанның ізі қалған.

Адвокат Айман Омарова Faceboоk желісіндегі тікелей эфир кезінде бұл іс бойынша құзырлы органдарға шағым түскенін, тергеу жұмыстары басталғанын айтты. Алайда қыздың әкесі әлі бостандықта екен.

“Кішкентай қыз туған әкесі не істегенін нақты айтып отыр. Мен ол қызбен сөйлестім. Сексуалдық зорлық көрген 8 жасар қыздың ісімен Алматы қалалық Полиция департаменті айналысып жатыр. Зорлық ісі аса ауыр қылмыс санатына жатады. Мұндай жағдайда күдікті бұлтартпау шарасымен дереу қамауға алынуы керек. Алайда тергеуші кішкентай қыз атап көрсеткен адамды, яғни, әкесін әлі қамауға алмай отыр. Ол жауапкершіліктен жалтарып кете ме деп қорқамыз”, — деді Айман Омарова.

Адвокаттың пікірінше, мұндай істерді прокуратура қадағалауы керек.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com