Қазақстанда

Әлем чемпионы ҚШФ басшыларының былығын ашты

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі жеке парақшасында осы саладағы басшыларға наразы екенін білдірді.

Ол «Инстаграмдағы» парақшасында ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваға алғыс айта отырып, кездесуге қатысушыларды Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның орынбасары Дәрмен Сәдуақасов анықтағанын баяндайды. «Бір қызығы, басқосуға ерлер құрамасынан ешкім қатыспады» depti шахматшы.

«Федерация президенті біз туралы айта келе, менің кім екенімді мүлде аузына алмады. Ол жерде өзімді артық адамдай сезіндім» деп жазды Бибісара Асаубаева.

Әлем чемпионы Аида Балаевамен кездесуде олимпиада жолындағы әртүрлі мәселе жөнінде әңгіме болады деген сенімде болған. Бірақ ол ҚШФ басшыларының аталған саладағы бюрократтарға 3 млрд теңге сұрауы үшін өздерін пайдаланғанына наразы.

screenshot 20220621 213229 chrome

«Осындай қойылымға қатысым болғаны үшін өте ұяттымын. Негізі, бұл үлкен қойылымның соңғы жаттығуы іспетті. ҚШФ басшылары осы спектакльды ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесуге арнап ұйымдастырып отыр. Мен үшін өте ұят жағдай. Өзім – спортшымын және спортшы болып қала бергім келеді» дейді Бибісара Асаубаева.

Сондай-ақ, ол спортшылардан тіленші жасап шығарғысы келетін ҚШФ басшысы мен оның орынбасарын мойындағысы келмейтінін айтқан.

«Шахматтан ұттық құраманың мүшесі ретінде, әлем чемпионы ретінде федерацияға 3 млрд теңгенің керек емес екенін айтқым келеді. Ол қаржы Жаңа Қазақстанға қажеттірек» деп сөзін аяқтайды Бибісара Асаубаева.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button