Қазақстанда

Әнші туысының үйіне қашқан – «Терезені оқ тесіп өтті»

Әнші Лидо Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде балаларын алып, сіңлісінің үйіне тұра қашқанын айтады.

Stan.kz мәлім еткендей, әнші тұратын үйге әлдекімдер оқ атқан.

«Балаларымыз бейбіт елде, қорқынышсыз, жыламай өмір сүрсін. Қазақстанда болған сұмдық оқиғалардан кейін әлі өз-өзіме келе алар емеспін», – деген Лидо Алматыда болған оқиғалардың «эпицентрінде» тұратынын атап өтті. 

«Барлығы басталған түні ұйықтап жатқан балаларымды алып, құрбымның үйіне кеттім. Келесі күні қайта келдік, бәрі бітті деп ойладым. Отқа оранған әкімдік, жарылыстар, әскерилер, полиция… Мен балаларыммен сіңлімнің үйіне кетіп, 4 күн сонда болдым», – дейді әнші. 

Үйіне оралған соң, Лидо тұрғын үйге оқ тигенін байқаған. 

«Біз 11-қабатта тұрамыз. Үйге келгенде көрші терезенің сынғанын байқадым (ол да 11 қабатта). Ол оқ болып шықты. Көршілерім аман деп үміттенемін», – деген әнші қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button