Әскерге кеткен 18 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды

190716140438982e

2021 жылдың күзінде әскери қызметке шақырылған әскери қызметкер Нұр-Сұлтандағы Бас әскери-клиникалық госпитальда қайтыс болды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«2021 жылғы 28 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпиталінде жіті аурудың асқынуынан 2003 жылы туған әскери қызметші Сариев Бобир Халматович қайтыс болды. 2021 жылдың 25 қарашасында мерзімді қызметтегі сарбаз ауруханаға жақ астының зақымдануы, дене температурасының көтерілуі, септикалық жағдайдың және инфекциялық-токсикалық шоктың даму белгілерімен түсті», – делінген әскери дәрігерлерге сілтеме жасап ведомствоның ресми хабарламасында.

Әскери дәрігерлер қажетті емдік, реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізді, сарбаздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін барлық шараларды жасады делінген.

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Сариев 2021 жылдың күзінде Түркістан облысынан Нұр-Сұлтанда орналасқан Құрлық әскерінің әскери бөліміне мерзімді қызметін өтеуге шақырылды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы Бобир Сариевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: