Әжетханада таяқ жеген оқушыдан ақша бопсалаған

news full163677698142eae6b5f441356c1b76a259a4500b00

Ақтауда тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы ұлдарының мектеп әжетханасында соққыға жығылғанын айтты.

Сөздерінше, параллель сынып оқушылары баладан ақша бопсалаған, ал бала бұдан бас тартқан уақытта олар жұдырықтың астына алған. Салдарынан жасөспірімнің миында гематома пайда болып, жақ сүйегі сынған. Оқушының жағдайы ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтауда тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы ұлдарының мектеп әжетханасында соққыға жығылғанын айтты. Сөздерінше, параллель сынып оқушылары баладан ақша бопсалаған, ал бала бұдан бас тартқан уақытта олар жұдырықтың астына алған. Салдарынан жасөспірімнің миында гематома пайда болып, жақ сүйегі сынған. Оқушының жағдайы ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Орын алған оқиға бойынша істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитет қарап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 14 жастағы жасөспірім ауруханада кемінде екі апта болуы тиіс. Баланың туыстары мектеп басшылығын жауапқа тартпақ ниетте. Алайда білім ордасы бұл жағдай өздерінің де таңданысын тудырғанын алға тартады. «Бұған дейін бірде бір ата-ана жасөспірімдер арасында бопсалау мен жанжал туралы шағым түсірмеген» – дейді олар. Ал осы оқиғадан кейін жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

«Біздің мектепте 36 бейнебақылау камералары орнатылған. Әрбір жазба бір айға дейін сақталып тұрады. Алайда, әлбетте әжетханада бұл құрылғылар орнатылмаған. Біз әркез алдын алу шараларын өткізген сайын оқушыларға мінез-құлық ережелерін түсіндіреміз. Бұдан алдын мектебімізде мұндай жағдай болған емес. Сол себепті қазір ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткіздік», – деп түсіндірді Ақтау қаласындағы №20 мектептің директоры Зарухан Мамутова.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: