Айгүл Иманбаева жүкті болып шықты…

by Depti
1 views

Айгүл Иманбаева көпшілікке жаңалығын айтты. Әнші жүкті екенін меңзеп, жаңалығымен бөлісті. Алайда желі қолданушылары мұның әзіл екенін айтып, сенбестік танытты. 

Бұл туралы әнші желіде парақшасында жариялады.

Айгүл Иманбаева көпшілікке жүкті екенін айтты. Әншінің бұл жаңалығы оқырмандарын елең еткізді. Алайда сенбестік танытқандар да бар. 

“Құрметті менің достарым. Сіздерге айтар жаңалығым бар. Қазір гинеколог-дәрігерімнің алдында отырмын. Міне, күтіп отырмыз. Үш айлық екен. Бәрін айтпай-ақ қояйын. Жақсы жаңалық күтіңіздер”, – деді Иманбаева.

Алайда желі қолданушылары әншінің сөзі әзілге ұқсайды деп топшылап жатыр. Енді бірі құттықтап үлгерді. 

“Мүмкін емес, әзілдеп жатқан шығарсыз”, “Күйеуіңіз жоқ қой“, “Оның несіне таңғаласыңдар?”, “Құттықтаймын, сіз үшін қуаныштымын”, “Аман болсын”, “Неге сенімсіз айтып отырсыз?”, “Қазір бәрі хайп қуады”, “Шын шығар, мен қуаныштымын”, “Бірінші тұрмыс құрарсыз”, “Той да алыс емес”, – деп жазды олар. 

Алайда әнші желідегі оқырмандардың сұрағына жауап қатқан жоқ.

stan.kz

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com