Қазақстанда

Айгүл Иманбаева жұртты шошытты

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева көзіне блефаропластика жасатты. Ақпаратты өнер иесінің өзі әлеуметтік желіде растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева бұл туралы Instagram парақшасында айтты. Эстрада жұлдызы бет-әлпетіне өзгеріс енгізгенін растап, процедураға дейінгі және кейінгі суреттерін бөлісті. Белгілі болғандай, өнер иесі пластиканың отасыз, лазерлі түріне жүгінген.

e8d8493f8a3e065a

Соңғы кезде қыз-келіншектер, танымал жұлдыздар қабақтағы артық майлардан құтылып, көзді үлкейту үшін пластиканың осы түріне жиі жүгінуде. Айта кетейік, бұған дейін әнші Зарина Омарова да көзіне ота жасатқанын айтқан болатын. Алайда, желідегілерге әртістің өзгерісі ұнамай, оны сынға алған еді. Бет-әлпетін өзгерткісі келетіндер арасында Жарқынай Ханайым да бар. Ол мұрнын өзгерту үшін ота жасатпақ.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button