ҚазақстандаБЕЙНЕТАСПА

Айнұр Тұрсынбаева: «100 машина мінетін едім…»

Айтыскер ақын болып танылып, кейін қыз ұзатып, желілік бизнесті де дөңгелетіп, науқас балаларға қол ұшын созған Айнұр Тұрсынбаева жұртты тағы бір қырымен таңғалдырды.

Видео:

https://www.instagram.com/p/CchFqpOo15O/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Ол ішек-қарын тазалаған видеосын жариялады. Бұл «салада» бар білгенімен бөлісті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен тәтемнің (нағашы апам) қолында өстім ғой. Қарапайым отбасы едік. Тәтем марқұм совхоздың сойылған малдарын жіліктеуге көмектесіп, ақысына ішек-қарын алатын. Оны үйге әкеліп, бірге тазалайтынбыз. Сіздер мені айтыстан 33 көлік мінген чемпион деп білесіздер ғой, егер ішек-қарын тазалаудан жарыс болса 100 машина мінетін едім. 

Қарынды аппақ қылып тазалаудың бірнеше түрін білетінмін. Сонда 10-11 жаста екенмін ғой, ойлап отырсам. Тіпті, тәтем 2-3 қойдың ішек-қарнын маған әкеліп тастап, жұмыстарымен кете беретін. Рахаттанып тұрып тазалап, тіпті қуырдақ қуырып қоятын едім. 

Мен әлі күнге дейін ішек-қарынның иісін жақсы көремін. Қайта-қайта иіскегім келеді», – деп жан сырын ақтарды айтыскер.

Көпшілік Тұрсынбаеваның бұл әрекетіне таңғалып, түрлі пікірлерін білдірді.

«Айнур әпке, сізді ішек-қарын тазалайды деп мүлде ойламаппын, таңғалып отырмын, Алла күш қуат берсін сізге», – деп жазды оқырмандардың бірі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button