Алты адам заңсыз азапталып көз жұмған

by Depti
0 views

Қаңтар айының басында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған алты адам заңсыз азаптаулар кесірінен уақытша ұстау изоляторында көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров “Казахстанская правда” газетіне берген сұхбатында хабарлады. 

“Жақында ғана біз тергеуде рұқсат етілмеген жауап алу әдістерін қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді қабылдадық. Бұрын оларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары айналысқан. Бізге мұндай істердің барлығы бірдей берілмеді. Тек ауыр жағдайлар бойынша, дәлірек айтқанда, ұсталғандардың өлімі тіркелген оқиғалар ғана берілді”, – деді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай жағдайда Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында екі адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам, Талдықорғанда бір адам қаза тапқан.

“Сондай-ақ, біз әлі де тергеу изоляторында отырған Талдықорған қаласының тағы бір тұрғынына қатысты істі алдық. Үтікпен күйдіріп, азапталған азаматқа қатысты іс резонансты жағдай туғызған болатын”, – деп қосты ол. 

Болған жағдайлар бойынша әлі де тергеу жалғасуда.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com