Қазақстанда

АНАСЫ БАЛАСЫН ҰРҒАН АЗАМАТТЫ ПЫШАҚТАП ТАСТАДЫ

Қостанай облысында әйел ер адамды пышақтап тастады.

Зардап шеккен азамат бұған дейін әйелдің ұлын ұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Alau.kz басылымына сілтеме жасап.

Қарасу ауданы Железнодорожное ауылының 30 жастағы тұрғынын пышақпен жарақаттау дерегі бойынша аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша 46 жастағы әйел мас күйде бұрын ұлын ұрған азаматқа шабуыл жасаған. Ер адам пышақ жарақаттарымен Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілген. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button