Ақтаудағы жойқын жарылыс бойынша жаңа дерек тіркелді

2021110809545523903 2021110809215673210 1

7 қарашада сағат 21:20 шамасында 29 а шағын ауданында Ақтау қаласындағы «Аян» екі қабатты кафесінде белгісіз жағдайда жарылыс болып, нәтижесінде ғимараттың күлі көкке ұшты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған факті Маңғыстау облысы полиция департаментінде ҚР ҚК 292-бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша тіркелді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнында құқық қорғау органдарының барлық құрылымдық бөлімшелері, атап айтқанда, құрамында 150 полиция қызметкері бар патрульдік полицияның 44 экипажы жұмылдырылған.

Тергеу-жедел тобы жұмыс істейді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жарылыстың себебін уәкілетті органдар анықтайды, делінген Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: