Ақтаулық ана үш жасар баласын ұрып өлтірді

by Depti
0 views

Ақтауда үш жасар баласын өлтірді деп айыпталған ана сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлады.

“Қалалық соттың 10 маусымдағы үкімімен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған сотталушы И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды” деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Әйел қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Ведомствоның мәліметінше, сотта анасының соққысынан балада гематома пайда болғаны анықталған. Бала ішінен алған қатты соққының нәтижесінде көз жұмды. Сотта айтылғандай, әйел қызын ұрып-соғып, итеріп жіберген, соның салдарынан қыз үстелдің бұрышына соғылған. Содан кейін әйел жұдырығымен баланың ішінен бірнеше рет соққы жасаған. Содан анасы үйден шығып кеткен, ал сәби екі жарым сағаттан кейін алған жарақатынан қайтыс болыпты.

Айналып келгенде, қатігез ана “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойынша сотталды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com