«Ақжолдық» баспасөз хатшылары бас қосты (+ФОТО)

img 0256

«Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Партияның баспасөз қызметі және әлеуметтік желінің мүмкіндігі» атты екі күндік семинар-тренинг өтті.

Ол партияның жергілікті филиалдарында қызмет етіп жүрген баспасөз хатшыларына арналды.

Бір ерекшелігі, әдетте баспасөз қызметкерлерінің бастары қосыла бермейтін айтулы кездесуге партия төрағасы «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің жеке өзі де қатысты. Қатысып қана қоймай, өз ой-пікірін ортаға салып, алыстан ат арытып келген қонақтардың да ұсыныс-тілектерін сұрады.

Білімі мен берері мол шараға партияның Атырау облыстық филиалының баспасөз өкілі Амандық Сағынтайұлы да қатысып, мол тәжірибе жинап қайтқанын айтты.

— Партияның Ұлттық кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы, белгілі журналист Қайнар Олжай, партияның орталық аппарат басшысы Асылхан Төлепбергенұлы, шара ұйымдастырушыларының бірі Ғазиза Бақтиярқызы және smm-маман Дәулет Әждар бай тәжірибелерімен бөлісті. Сапалы медиаконтентпен жұмыс жасаудың тиімді тәсілдерін айтты. Әсіресе, шынайы және жалған ақпараттың аражігін ажырату оңайға соқпаған қазіргі уақытта бұл дәрістердің пайдасы мол, мәні зор. Ал, партия төрағасының арнайы алтындай қымбат уақытын арнап, құнды бастамаларымен бөліскені бізге жасалып жатқан жұмысты одан әрі жандандыруға шалқар шабыт сыйлады. Бұл үшін ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтқым келеді, – дейді ол.

Семинардан бөлек, партияның Алматы қалалық филиалы «ақжолдық» баспасөз хатшыларын «Шымбұлақ» тау-шаңғылық курортына апарып, Алма-арасан шипажайында ауызашар берді.

Айта кеткен жөн, игі дәстүрге айналған мұндай маңызды басқосулар алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сендірді.

Айсұлу ҚОНДЫБАЕВА,
«Ақ жол «демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының аппарат жетекшісі

img 0426
img 0233
img 0430
img 0442
img 0388
img 0274
img 20220423 wa0020
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: