ҚазақстандаБЕЙНЕТАСПА

АТЫРАУЛЫҚТАР МАЛ САНЫН ШЕКТЕУГЕ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ (+видео)

Қазақстанда үйде ұстайтын мал санына шектеу қойылуы мүмкін. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі заң жобасын әзірлеген.  Онда  әрбір аулада малдың шекті санын белгілеу ұсынылған. Мамандардың айтуынша,  төрт түлікті нормадан артық ұстау   елдімекендердің  санитарлық жағдайын нашарлатады, жайылымдарды тоздырады.  Ал кейбір тұрғындар бұған қарсы.  Мал азайса, ет қымбаттайды дейді.    Зейнеткер Жұмажан Шеруенов  қолдағы бірді-екілі малын  отбасының ризығы дейді. Үкімет талап қойды екен деп, мал ұстауды тоқтата алмайтынын айтады.    Жұмажан ШЕРУЕНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қыста маған тамақ керек. Кім береді маған тамақты? Мен мысалы мына жерді шірітіп-ірітіп жатқан жоқпын  ана жаққа, мына жаққа шашып жатқан жоқпын. Бәрі бір жерге қойып жинап отырмын. Он жылдан бері мал шаруашылығымен айналысатын  Әсемғали Қуанышевтің де пікірі  осындай. Жеке қожалық құрғанша,   төрт түлікті үй ауласында баққан. Өзінен артылғанын сатып, күнелтіпті. Жеке үйлерде мал санына  шектеу қойса, еттің бағасы қымбаттап, халықтың қалтасына салмақ түседі,- дейді шаруа. Әсемғали ҚУАНЫШЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ИЕСІ: Шектелетін болса, халық не жейді. Халық қайдан  мал алады. Үйден ұстап отырғандардың бәрі арзан бағадан береді. 1800-2000мыңнан береді. Ал егер шаруашылықтардан, базардан сатып алса 2500-3000 теңгеден алады ғой. Дегенмен, кейбір тұрғындар қалада мал ұстауға қарсы. Сондықтан қолға алынған   мәселені  жұрыс деп санайды. БЛИЦ:   – Малдар жолда жүреді. Машина қағып кетуі мүмкін. Келісемін. Сосын қаланың сәнін бүлдіреді ғой мал. – Мусор жейді, мусордың бәрін шашады. – Шектеу керек қой. Қаланың ішінде көремін. Обал. Отырғызған ағаштарды жеп кетеді. Аймақ атқамінерлері заң қабылданған күнде Атырау облысына қатысты проблема жоқ,- деп алаңсыз отыр.  Айтуларынша, жайылым жер жеткілікті. Қайрат НҰРЛЫБАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ауылдың айналасында жайылымға жеткілікті 5-10 шақырымға дейін ауыл айналасындағы жерді ешкімге беріп жатқан жоқпыз. Әрине бірен-саран, егінге берілген жерлер бар. Олар судың жағасында.    Аймақта жайылым жер көлемі – 3 млн гектарға жуық. Статистика бойынша, өңірде  954 мың төрт түлік бар. Бірақ оның қаншасы жеке адамға тиесілі екенінен әкімдік өкілдері  хабарсыз. Заң жобасында  әр отбасының қанша мал ұстауға болатыны туралы нақты жазылмаған.  Оны әрбір өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, ауыл тұрғындарының жиындарында  жергілікті мәслихат бекітпек.

«Астана»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button