Баян Алагөзова Президент сөзіне пікір білдірді

news full164189648872f7b711820e15e793bebc9f21fbea6e

Қазақстандық танымалдар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі парламент мәжілісінде сөйлеген сөзіне қатысты өз ойларымен бөлісуде.

Мәселен, продюсер Баян Алагөзова президенттің халыққа үміт сыйлағанын атап өтіп, оған деген алғысын жеткізді.

«Біздің президентіміз, конституциямыздың кепілі бар. Бізде білімді, интеллигентті, батыл, жауапты басшы бар», – деген Алагөзова бұған дейін елде болған оқиғаларға қатысты ешқандай пікір білдірмегенін айтты. Себебі «жасанды әрі жалған» болғанын, ал бұл жолы президентке сенетінін айтты. 

«Бүгін мен неліктен көпіршік жарылуы үшін үш жыл күтуге мәжбүр болғанымызды түсіндім. Орынсыз әрі қорлық болатын шығар, бірақ мына оқиға болмаса, біз ешқашан оянбас па едік?! Біз ғана емес, үкімет, парламент, бүкіл мемлекет! 

Ынтымақтас елдерге алғыс білдіргім келеді. Сіздер болмасаңыздар, бүгінгі күніміз басқаша болар еді, елден кету үшін чемодандарымызды жинар едік», – деген Баян Мақсатқызы дер кезінде ұтқыр шешім қабылдағаны үшін президентке алғыс білдірді. 
Сондай-ақ Баян Мақсатқызы елдің әлі демократияға дайын еместігін жеткізді. 

«Бұл күндер соның дәлелі болды. Білім деңгейінің төмендігі, надандық пен көптеген тонаушылар тағы бір ақиқатты айқындады. Мәдениет пен білім саласы бойынша қалыс қалдық, тіпті бұл салалар жойылды. Жалпы президент қоғамның ең түйткілді мәселелерін қозғады. Қателіктерді бір күнде, тіпті бір жылда түзеу мүмкін емес, бірақ ол бізге үміт сыйлады», – деді Баян Алагөзова. 

«Stan.kz»

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: