Байтұрсынұлының баспанасын бұзып тастады

by Depti
0 views

Қостанай облысында Ахмет Байтұрсыновтың туып-өскен үйі бұзылды, деп хабарлайды “Хабар 24”. Телеарна мәліметінше, ағартушының 150 жылдық мерейтойында кірпіш үйді қалпына келтіру туралы шешім қабылданған. Ескі іргетас орнында мердігер құмблок қабырғаларын тұрғыза бастаған. Алайда олар сапасыз болып, ғимаратты қирату туралы шешім қабылданған.

Облыстың киелі картасындағы нысан бір ай бұрын бұзылған. Құрылысшылар тіпті бастапқы іргетасын да сақтай алмаған. Қазір ол жерде ауыр техниканың ізі ғана жатыр.

“Осы жерде Ахметтің бұрынғы үйінің ізі болған. Іргетасы қара шымнан кесектен салынған еді. Міне, қарап отырсаңдар жобасы осы жерден. Мынау арада пешпен бөлінген еді. Сол пешпен бөлінген бұрышта біздің Ахмет атамыздың үйіндегі әжеміз осы жерде Ахмет атамызды дүниеге әкелді-ау деп өзіміз ойлайтын едік. Астан-кестеңі шыққан. Ізі де қалмаған, дымы да қалмаған. Ең соңғы Ахметтің өзімізде бар ескерткішінен айырылып қалып тұрмыз” depti Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны Жақсыбек Әбдісалық.

8ef9442bedcd05478c11fde2c32d65ea

Байтұрсыновтың үйін қалпына келтіруге бюджеттен 22 миллион теңге бөлінген. Бірақ құрылыс тоқтатылды. Алматылық мердігер жұмыс істеген материал қабылданбаған. Шенеуніктердің айтуынша, жергілікті тұрғындар үйді өздері бұзуды сұраған. Бұл туралы жиындарда талай рет айтылды.

“Екі ауыл тұрғындары үйдің апатты жағдайда екенін айтып, мәселе көтерді. Аудан, облыс әкімдіктеріне жүгінді. Сондықтан біз осындай шешім қабылдадық” дейді Ахмет Байтұрсынұлы ауылының әкімі Нұрсұлтан Байділдин.

Осы кездесулердің нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы туған үйдің орнына мұражай-үй салудың жаңа жобалық құжаттамасын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Тұрғын үй қайта салынады. Аудан әкімдігі жаңа мердігер іздеп жатыр. Жоба құны 37 миллион теңгеге дейін өсті.

“Жоба бойынша 149 шаршы метр тұрғын үйді музей етіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Жобасы 20 маусымда алынады. ПСД-ны жобалауға 1,2 миллион теңге демеушілер атынан істеледі. Ал енді үйдің құны 37 миллион боп тұр. Сараптамаға дейін. Енді ол өзгелерді әлі” дейді Жангелді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әділбек Иманғалиев.

Шенеуніктер мердігерді таңдаса, жергілікті тұрғындар Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылына кіре берістегі кесененің құрылысын аяқтауда. Ауыл тұрғындары 10 миллион теңге жинап, ескерткішті өз күштерімен тұрғызып жатыр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com