Балабақшада екі жасар қызды тұншықтырған тәрбиешілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Марина Аушева есімді ана әлі екі жасқа да толмаған қызын жекеменшік балабақшада тәрбиешілердің аяусыз ұрғанын айтып, дабыл қағуда.

ВИДЕО:

https://aitube.kz/video?id=0bb6ba78-1075-4c2c-8c4f-aad02dc55633&from=embed_video

Ол жекеменшік “Алан” балабақшасының қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

12 қаңтар күні қызын балабақшадан әкеліп, киімдерін шешіп көрген Марина өз көзіне өзі сенбей қалған. Бір жарым жастағы қызының иық тұсы, кеудесі мен білегі соққыдан көгеріп, алқымына буындырғаннан қан үймелеген.

– Дәрігер ретінде қызымның мойнындағы дақтың матамен тұншықтырғаннан түскенін бірден білдім. Суретке түсіріп, оны тәрбиешісіне жіберген едім. Олар тіпті жауап та қата алмады. Сосын 102-ге қоңырау шалдым, — дейді Марина.

Қыздың анасы балабақшаға барып, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қараған. Видеодағы кадрларды көріп, Маринаның есі ауыса жаздапты.

– Бейнежазба тәрбиешінің қызымды ұрғанын дәлелдеді. Кадрда ол қарама-қарсы үстелде отырып алып қызымның басынан аямай періп қалады. Қызым шалқасынан түскен, — деп шағымданады жас ана.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Бұл іс Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасының бақылауында. Тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлайды елордалық ПД баспасөз қызметі.

Балабақша ұжымы жазадан құтылып кетпеуі үшін Марина ел Президентіне де видеоүндеу жолдады.

Астаналық “Алан” балабақшасы әзірге жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com