Балаларда коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

photo 170063

Ресейдің Курган облысында COVID-19 жұқтырған юалаларда инфекцияның жаңа белгілері пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Балаларда бөртпе, буын ауруы және шырышты қабықтың қабынуы пайда болып жатыр. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Светлана Ларионова мен облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Алексей Сигидаев мәлімдеді.

«Тіпті кейбір жағдайда дене қызуды түсіретін дәрілер әсер етпей, жөтел үдеуі де мүмкін екенін айтты. Бұл буындардағы ауырсыну, шырышты қабықтың қабынуыНа алып келеді», – деді Ларионова.

Ол мұндай белгілер аурудың ауыр ағымын көрсететінін атап өтті. Оның үстіне барлығы дер кезінде емделуге байланысты, дейді маман.

Ларионова сонымен қатар балаларды тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынды, өйткені зерттеулерге сәйкес, вакцинацияланған балаларда вирустық инфекциялар жеңіл өтеді.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: