Белгілі әнші лаңкестердің қолына түсіп қала жаздады

by Depti
0 views

Әнші Say Mo 5 қаңтарда содырлардың қолына түсіп қала жаздаған, деп хабарлайды Экспресс К.

Өнер иесі анасымен бірге Алматыдан Мәскеуге ұшпақ болған. Тура сол күні Алматыдағы халықаралық әуежайға шабуыл жасалды. Бірақ әнші оған дейін ұшақ ішіне кіріп үлгерген. Сол жерде ол 14 сағат отырыпты.

“Әуежайға шабуыл жасалған уақытта анаммен Мәскеуге жол тартқалы жатқан едік. Бірақ Құдайдың жоспары басқаша болды. Әйтеуір ұшаққа кіріп үлгердік. Әрине ұшақта отырып, террористердің келгенін естіген кезде қатты шошыдық. Дегенмен, сол сәтте ең қауіпсіз жер сол болды. Ұшақ ішінде кешкі 20:00-ден таңғы 10:00-ге дейін отырдық. 14 сағат салқын жерде отырып, қатты ауырып қалғаным болмаса, құдайға шүкір, аман-есенбіз. Анам екеуміз қазір қауіпсіз жердеміз”, — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

3bab0b681c602ee56b244b51a4a604a2

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com